Accessibility links

Ирақтан АҚШ әскері кететін болса, азамат соғысы кең етек жаюы мүмкін


НЬЮ-ЙОРК: Ирақтың сыртқы істер министрі Хошьяр Зебари таяу арада АҚШ әскері Ирақтан шығарыла бастаса, онда Ирақта азамат соғысының кең етек жаюы және тіпті ол соғыстың бүкіл аймақты қамтуы мүмкін екенін ескертеді. Мұндай пікірін Х.Зебари АҚШ президенті Дж.Буштың әкімшілігінде әскерді Ирақтан бірте-бірте шығара бастау туралы пікірталастың қыза түскенін мысалға келтіре отырып, “Нью-Йорк таймс” газетіне берген сұхбатында айтты. “Нью-Йорк таймс” газетінің осы материалына жауап айтқан Ақ үй АҚШ әскерін Ирақтан шығару туралы “саяси шешім” қабылданғанын теріске шығарды.
XS
SM
MD
LG