ВАШИНГТОН: Әзірбайжанның сыртқы істер вице-министрі Араз Әзімов Әзірбайжандағы радар жүйесін Американың зымырандық соққыдан қорғауы үшін пайдалана алуы мүмкіндігін Ресей мен АҚШ өзара шешуге тиіс деп есептейді. Бұл көзқарасын А.Әзімов АҚШ өкілдерімен Вашингтонда өткізген келіссөзінен кейін айтты. Ресей АҚШ-тың радар жүйесінің элементтерін Польша мен Чехияға орналастыру жоспарына қарсы. Президент В.Путин Ақ үйге ол жоспарына балама болатын ұсыныс берді, оның ішінде Әзірбайжандағы радар жүйесін бірге пайдалануды ұсынды. Алайда Вашингтон Польша мен Чехия өзінің қорғаныс жүйесінің құрамдас бөлігі” екенін мәлімдеп отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
"Махмет ешкімге бейімделмейді". Қозыбаев Құлмағамбетті неге қаралады?
-
Владимир Сливяк
"Қазақстан емес, АЭС салуға Ресей ынтық". Сарапшымен сұхбат