Атом энергиясы бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігінің басшылығы бақылаушыларының Солтүстік Кореяға қайта орналастырылуын мақұлдады. Дипллматтардың айтуынша, бұл шешім бүгін Венадағы жиналыста қабылданған. Халықаралық инспекторлар шамамен бір аптадан кейін Солтүстік Кореяға оралып, Пхеньянның ядролық қарусызданып жатқанын тексеретін болады.