Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Меңдешовтың айтуынша, биылғы жылдың 11 шілдесінде саяси партиялардың өз партия тізімдерін тіркеу мерзімі аяқталады.
- Бүгін түнгі сағат 12-де аяқталады, осы күнге дейін тек «Нұр Отан» ғана берді өз тізімін.
Оппозициялық Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Астанадағы өкілі Серікбай Әлібаевтың айтуынша, комиссия ақпаратты жасырып отыр:
- Меңдешовтың көзінше, біз алдыкүні құжаттарды тапсырдық, олар жасырғаны, ол дұрыс емес. Енді олар тексеру керек. Біз 80 адам бердік. Әлі ешкімді тексерген жоқ.
Ал, осы партияның Орталық сайлау комиссиясындағы өкілі Уалихан Қайсаровтың айтуынша, комиссия тізімдегі адамдарды тексеріп болған соң оларды тізімнен қысқартуға болмайды:
- Тіркеу өткеннен кейін 15 күн ішінде мәліметті тексереді, сосын әйелдері туралы мәліметті тексереді. Сосын 15 күн өткен соң адамдарды тізімнен алуға болмайды. «Нұр Отан» 127 адамның тізімін өткізген. Бізден кейін «Ақ жол» 114 адамға тізімді дайындап жүр. Әзірге өткізген жоқ.
«Ақ жол» партиясының өкілі Сәбира Шалахметованың айтуынша, бұл партия парламенттегі орындардың үштен бір бөлігінен дәмелі көрінеді:
- «Ақ жол» атынан мәжіліс депутаттығына үміткерлердің жалпы саны - 114. Олардың қатарында Әлихан Байменов, Мақсұт Нәрікбаев, Людмила Жуланова, Бөріхан Нұрмахамедов және экс-депутаттар Амангелді Айталы, Мырзагелді Кемел және басқалары бар. Бүгін сол тізім тапсырылады.
Ресми мәлімет бойынша, парламент мәжілісінің сайлауына 7 партия қатысады. Биліктің «Нұр Отан» партиясындағы үміткерлер тізімі ең үлкен 127 адам. Айта кететін жайт, мәжілістегі бар орын 98-ден аспайды. Қалған «Патриоттар», «Ауыл», «Руханият» және «Халықтық коммунистер» партияларының үміткерлер тізімі тіпті қысқа. Ал Қазақстан Коммунистік партиясы болса пропорционалдық жүйемен өткелі отырған мәжіліс сайлауына қатысудан мүлде бас тартты. Орталық сайлау комиссия мәліметінше, 12 шілдеден бастап Қазақстанда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бақылаушыларымен қатар Тәуелсіз мемлекеттер достастығының бақылаушылары да жұмыс істей бастамақ.