Accessibility links

Косово өлкесі өзінің тәуелсіздігін жариялауға әзір


БРЮССЕЛЬ: Косово өлкесінің басшылығы Еуропа Одағын өзінің болашақ мәртебесі бойынша БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінің ортақ келісімге келуін күтуден шаршағанын ескертті. Кеше Брюссельде Еуроодақтың сыртқы саясатының жетекшісі Х.Соланамен кездесуі барысында Косовоның президенті Фатмир Седжиу мен премьер-министрі Агим Сику өлкенің тәуелсіздік жариялауға әзір тұрғанын және Сербиямен арадағы келіссөзді әрі қарай жалғастырмайтындарын мәлімдеді. Х.Солана атап көрсеткендей, Еуроодақ ол мәселені БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі шешкенін қалайды.
XS
SM
MD
LG