Accessibility links

Ресейде жыл соңына дейін нан бағасы 50 пайызға қымбаттайды


Ресейлік ресмилер елдегі өнімі аз астық пен бидай бағасының көтерілуіне байланысты Ресейде нан бағасы 50 пайызға дейін өсуі мүмкін екенін айтып отыр. Бұл тұрғыда, Санкт Петербургтағы бір шенеунік қаладағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылары үшін нан өнімдерін сату купонын қайта шығару керек деп отыр.

Ресейдегі 2007 жылдағы инфляция бұл елдегі ең қажетті азық-түлік бағасының қымбаттауына соқтырып отыр. Капуста бағасының өзі 30, сәбіз бағасы 22 процентке көтерілген. Сол сияқты қант бағасы да өсіп отыр. «Азаттық» радиосына сұхбат берген экономист Михайл Делягиннің сөзіне қарағанда, астықтың тым аз жиналуы салдарынан нан бағасы көтеріліп барады:

“Совет уақыты кезінде, Ресей астығы 100 млн мен 120 млн тонна бидай шамасында болатын. 2002 жылғы астық көп дегенде 85 млн тонна болды. Енді осы жылы ол 75 млн тонна ғана болады. Басқалай айтқанда, қажетті азық түлік қауіпсіздігінің талаптарынан екі есе төмен”.

Демек, негізгі тамағы ұннан тұратын Ресейде нан бағасының өсу мүмкіндігі тұтынушылардың алаңдаушылығын тудырып отыр.

Санкт Петербордағы бір шенеунік яғни, қалалық экономикалық дамулар, азық-түлік және сауда департаменті бастығының бірінші орынбасары Юрий Раков қаладағы әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар әрдайым азық -түлік ала алатынындай бұрынғыдай купон шығаруды ұсынды. Оның сөзіне қарағанда, 1-шілдеден бастап қаладағы ұн өнімдерін шығаратын комбинат өз өнімдеріне бағаны 23 процентке өсірген. 15-шілдеден бастап тағы да баға өседі деген болжам бар. Жалпы, купонмен тамақ алу дегенді дірілмен қабылдайтын петерборлықтар үшін бұл жағдай бұрынғы Ленинградтың 900 күн нацистік Германияның қоршауында болған кезін еске түсіреді. Ол уақытта күніне адам басына 125 грамм нан берілген ғой. Лениградттың қоршауда отырған кезінде суық пен аштықтан шамамен 1 млн адам қаза болған.

Қала басшылары енді жұртты мұндай дүрбелеңге түсірмейтіндей жаңа жолдар қарастырмақшы.

Санкт Петербор қаласындағы экономикалық дамулар, азық-түлік және сауда департаментінің баспасөз өкілі Александр Сажин мұндай дабыл қағудың қажеті жоқ екенін айтады:

“Петерборда азық түлік сату купоны немесе басқа да осындай талондар болмайды. Біз қаладағы әлеуметтік жағдайы аз қамтылған тұрғындарға қандай да бір қолдау көрсету мүмкіндігін қарастырып жатырмыз”.

«Азаттықтың» Орыс қызметінің хабарына қарағанда, Мәскеу қаласының басшылығы ұнның қымбаттауынан нан өнімдері бағасының жыл соңына дейін 40 пайызға өсетінін ескерткен. Ал, Ресейдің басқа қалаларында жыл аяғына дейін нан бағасы 10-50 процентке дейін көтеріледі деген болжам бар. Бұл негізгі тамағы наннан тұратын ресейліктер үшін алаңдаушылық тудырып отыр. Соңғы айда әлемдік базардағы астық бағасының тоннасы 180-нен 240 долларға көтерілген. Өткен жылы Ресейдегі бірқатар аймақтардағы құрғақшылық салдарынан астық аз жиналып, енді міне елдегі нан бағасының өсуіне әкеліп отыр.
XS
SM
MD
LG