"Әл Қаида" террорлық ұйымының басшысы Осама бин Ладенді ұстап беруге көмектескендерге енді екі есе артық сыйлық берілмек. АҚШ Сенаты сыйлықтың көлемін 50 миллион доллар деп тағайындады. Сенат қабылдаған заң жобасы парламенттің екінші палатасы - Өкілдер палатасына жөнелтілді, ол жақта мақұлданса президент Джордж Бушқа қол қоюға ұсынылады. Америкалық баспасөздің жазуына қарағанда, "Әл Қаида" ұйымы қайтадан күш жинап, Америка Құрама Штаттарына соққы беруді қарастырып жатыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мәдениет алаңы
Ойлануға шақыратын қазақша үш фильм
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?