Accessibility links

Владимир Путин АҚШ-Ресей жұмыс тобының мүшелерін қабылдады


Ресей президенті Владимир Путин Америка Құрама Штаттары мен Ресейдің қатынастарына екі елде болып жатқан сайлау алды саяси жағдай әсер етпеу керек деп мәлімдеді. Путин екі ел қатынастары сайлау науқандарының мүддесінен жоғары болу керек деп сипаттады АҚШ-Ресей жұмыс тобының мүшелерін қабылдағанда. АҚШ-Ресей қатынастары жөнінде құрылған топтың алғашқы мәжілісі кеше Мәскеуде өтті. Топ құрамына АҚШ-тың бұрынғы сыртқы істер министрлері Генри Киссинджер, Джордж Шульц, Ресейдің бұрынғы бас министрі Евгений Примаков кірді.
XS
SM
MD
LG