Accessibility links

Кондолиза Райс Ирақ саясаты жайында "уақыты жетпей тұжырым жасамауға" шақырды


АҚШ сыртқы істер министрі Кондолиза Райс Ирақ саясатын сынайтындарға қайырылып, "уақыты жетпей тұжырым жасамауға" шақырды. Оппозициядағы Демократиялық партия қадағалап отырған АҚШ парламентінің Өкілдер палатасы бейсенбі күні үндеу қабылдап, америкалық әскер Ирақтан келесі жылдың сәуір айына дейін шығып кетсін деді. АҚШ президенті Джордж Буш Конгреске әкімшілік баяндамасын ұсынған болатын. Баяндамада қауіпсіздік орнату шаруасында Ирақ үкіметінің қиыншылықтарға тап болғаны аталды. Кондолиза Райс АҚШ әкімшілігі қыркүйек айында Ирақ мәселесі жөнінде кеңірек баяндама жасайды, Конгресс мүшелері сол баяндаманы күте тұрса жөн деді.
XS
SM
MD
LG