Бүгін БҰҰ-ның испекторлары Солтүстік Кореяның Янбоң ядролық реакторын жабу үшін Пхеньянға келді. 10 адамнан тұратын Атом Энергиясы жөніндегі агенттіктің сарапшылары бірден ел астанасынан 100 шақырым жердегі Янбоң реакторына барады. Осы ядролық реактор жабылған жағдайда Пхеньянға ұсынылған жанар-жағар май көмегі салынған жүк кемесі бүгін Оңтүстік Корея аоқылы Солтүстік Кореяның портына келіп жетті.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Классикалық үлгідегі саяси партия қалыптаспады". Дос Көшімнің қос сұхбаты