Accessibility links

Бүгін Ресей Еуропадағы қарулы күштер келісіміндегі әрекетін тоқтатты


Ресей Еуропадағы ауыр қару-жарақ түрлерін орналастыруды шектеу келісіміне қатысуын тоқтатты. Кремльдің бүгінгі мәлімдемесіне қарағанда, Ресей президенті Владимир Путин, Еуропадағы қалыпты күштер пактісіндегі Мәскеудің атқарар ролін тоқтату жөнінде қаулы шығарды әрі осыған қатысты келісімдерді тоқтатты. Бұл тұрғыда Ресей бұл келісімнің 1999 жылғы нұсқасын бекітпей отыр деп Батыс елдерін айыптады. Ресей сыртқы істер министірінің орынбасары Сергей Кисляк бұл қадамдар НАТО-ның шығысқа қарай кеңеюі мен Ресейге төнген қауіпке байланысты жасалды деген. Және де ол:

“Мен біздің есігімізді жауып тастамайтынымызды астын сызып айтқам келеді. Біз өз әріптестерімізге бұл мәселені шешу жолында жаңа ұсыныстар жолдап отырмыз және бұл ұсыныстарға оң жауап беріледі деп күтеміз”, - деді.

Ресейдің бұл мәлімдемесінде Еуропадағы қалыпты күштер келісіміне мораторий жариялау келіссөзді толық тоқтату дегенді білдірмейтінін, келісімді жаңарту турасындағы даулы мәселелер шешілген жағдайда Мәскеу келісімге қайта оралатынын айтқан.
XS
SM
MD
LG