Accessibility links

Әлемдегі 1-інші террорист бүкіл мұсылманды “азапты өлімге” шақырады


КАБУЛ: “Әл-Қаида” лидері Усама бин Ладиннің мұсылмандарды азапты өлімге шақырып, өзінің ақ батасын берген сәті жазылған бейнетаспа шықты. АҚШ баспасөзінің хабарлауынша, бұл бейнетаспаның түпнұсқа екенін анықтау мүмкін емес. Си-Эн-Эн телеарнасының хабарлауынша, ол бейнетаспа Интернеттегі ислам сайттарына шықпай тұрып қолға түскен. Оны кімнің және қашан жазғаны беймәлім. “Ассошиэйтед пресс” агенттігінің мәліметі бойынша, бейнетаспа “Әл-Қаида” тобы қолданатын интернет-сайтына шықты. Бейнетаспада Усама бин Ладин Ауғанстандағы “Әл-Қаида” жасақтарына арнап бір минуттай уақыт сөйлейді.
XS
SM
MD
LG