Accessibility links

Исламшылдар Пәкістан армиясынан “Қызыл мешіт” үшін кек алуға кірісті


ИСЛАМАБАД: Пәкістанның солтүстік-батысында қауіпсіздік күштерінің 10 жауынгері қаза болып, 40 жауынгер жараланды. Ал сенбі күні Солтүстік Вазиристан өлкесінде жанпидашыл-террорист айдап келе жатқан автокөліктің жарылысынан 24 жауынгер көз жұмған болатын. Ислам экстремистері үкімет күштерінің Исламабадтағы “Қызыл мешітті” басып алғаны үшін үкімет армиясынан кек алатынын мәлімдеді. Пәкістанда шариғат заңдарын орнатуды талап етіп “Қызыл мешітте” бүлік шығарған 10-даған экстремист оққа ұшты.
XS
SM
MD
LG