Ауғанстан президенті Хамид Карзай жанкештілік әрекет жасамақшы болды делінген 14-жасар пәкістандық баланы кешірді. Билік орындарының айтуынша, әлгі бала өткен айда Хост өлкесінің әкімін өлтірмекші болған. Полиция оны шахид белбеуімен ұстағанын хабарлады. Ол баланың әкесі ұлын Пәкістандағы бір медреседе оқытқанын айтып отыр. Сосын әкесі мен ұлының арасында байланыс үзілген екен. Хамид Карзайдың мәлімдеуінше, “Ауғанстанның дұшпандары” әлгі баланы алдап, жаңылыстырған.