Accessibility links

Солтүстік Корея ядролық реакторын жапқанын растады


Ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Пхеньян теңіз арқылы жіберілген алғашқы мұнай өнімдерін қабылдап, реакторын жапқан. Ақпан айында жасалған келісімге сәйкес, энергетикалық көмек пен саяси ымыраға қол жеткізген соң Солтүстік Корея ядролық бағдарламасын қарусыздандыруға тиіс болатын. Вашингтондағы Ақ Үйдің ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Стэфен Хадлей ядролық қару-жараққа қажет болған плутоний шығара алатын Ионгбион реакторы жабылды деп мәлімдеді. Ал Ресей бұл хабарды жылы қарсы алып, оны “позитивті қадам” деп сипаттады.
XS
SM
MD
LG