Accessibility links

Солтүстік Корея сөзінде тұрып, өзінің ядролық реакторын тоқтатты


БАНГКОК: Атом қуаты бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігінің инспекторлары Солтүстік Кореяның Йенбондағы ядролық реакторын тоқтатқанын растады. Ресми Пхеньян Оңтүстік Кореядан мұнай тиілген алғашқы танкер жетісімен реакторды сенбі күні тоқтатқанын хабарлаған болатын. Бүгін Тайландқа келген бойда МАГАТЭ-нің Бас директоры М.Әл-Баради Солтүстік Кореяның бұл ісін “оң қадам” деп бағалады. Солтүстік Корея ядролық бағдарламасын өзіне экономикалық көмек берілетін болған соң жабуға келісті.
XS
SM
MD
LG