ТАШКЕНТ: Ташкент сотының судьясы жоғары лауазымды шенеунектердің өз жұмысына араласуына шағымданады. Тәуелсіз “uzmetronom.com” сайтының хабарлауынша, Өзбекстан президенті И.Кәрімовке жолдаған шағымында қалалық соттың қылмыстық істер бойынша судьясы Закир Исаев президент аппараты қызметкерлері мен басқа да жоғары лауазымды өкілдердің заңсыз нұсқаулары жемқорлықтың терең тамыр жаюына түрткі болып, билік өкілдерімен туыстығы, достығы немесе ортақ мүддесі барлардың заңнан жоғары тұруына кепіл болатынын мәлімдеді. Еш әділдікке қол жеткізе алмаған судья президенттен өзін қызметінен босатуын сұрайды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Бір қадам алға, екі адым кейін
Kaspi.kz ақша аударымына салық салу. Билік ескі мәселені қайта көтерді
-
Ақорданың сөзі мен ісі
"Бәрін Назарбаев шешіп отыр". Белсенділер Тоқаевтың саяси реформасына сенбейді
AzattyqTV