Бүгін Бразилияның жолаушылар ұшағы жарылып, онда 200 адам құрбан болды. Құтқарушылардың айтуынша, ұшақтың ішінде 176 адам болған. “Аэробус- 320” ұшағы Сан Паулодағы әуежайда жерге қона бергенде сырғанап кетіп, газ бекеті мен карго терминалына соғылып қалған. Бұл бір жылдың ішінде Бразилияда орын алып отырған екінші үлкен ұшақ апаты.