Ауғанстанда Германияның екі азаматы жоғалып кетті. Оларды біреу ұрлап әкеткен болуы мүмкін. Бұл туралы Германия сыртқы істер министрлігі хабарлады. Сонымен қатар, БҰҰ-да жұмыс істейтін 5 ауғандық жоғалды. Ал 2006 жылы қазан айында Ауғанстанның солтүстігінде Германиялық 2 журналист оққа ұшқан болатын. Ол аймақта НАТО-ның бітімгершілік күштері ретінде Германияның сарбаздары орналасқан.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Теміртаудың түтіні
Тұрғындардың шымбайына батқан экология мәселесі неге шешілмей келеді?
AzattyqTV