Иран телеарнасы қамауға алынған екі иран-американдықты көрсетті. Оның алдында ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндірді деп айыпталған Халех Есфандияри мен Киан Тажбахқа қатысты жаңа дәлел-айғақтар пайда болғандықтан олардың ісіне байланысты тергеу басталды деп хабарланған болатын. Иран телеарнасынан берілген хабарда бірінші болып Есфандияри көрсетілді, онда ол Вашингтондағы Удроу Уилсон халықаралық орталығында Таяу Шығыс бағдарламасының директоры ретінде қандай әрекеттерді жүзеге асырғанын түсіндірді. Ал Тажбахш өзінің өмірбаяны мен Иранға сапарының мақсаты жөнінде айтты.