Accessibility links

Ресейде шетел инвестицияларын реттейтін жаңа заң қабылданбақ


Ресей үкіметі 39 "стратегиялық салада" шетел инвестицияларын реттеу жайында заң жобасын дайындап, парламентке кіргізді. Оның ішінде қару-жарақ өндірісі, авиация, ғарыш саласы және атом энергетика саласында жаңа ережелер еңгізілмек. Федералды қауіпсіздік қызметі осы 39 салада жасалып жатқан келісімдерді тоқтатуға құқық алмақ. Бұл заң жобасы бірнеше рет қайта қаралып, кейінге қалдырылған болатын. Мұнай мен газ саласына жаңа заңның қатысы болмайды, мұнай мен газ саласындағы шетел инвестициялар басқа заңмен реттеліп жатыр.
XS
SM
MD
LG