Accessibility links

НАТО Еуропадағы қалыпты қарулы күштер келісіміндегі Ресейдің келешек ұстанымы әзірге түсініксіз деп отыр


НАТО өкілі Джеймс Аппатурайдың айтуынша, солтүстік альянс әлі де Ресеймен келіссөздер өтікізіп, Мәскеудің аталмыш келісімнен шығу туралы мәлімдемесін қайта талқылағысы келеді. Сонымен қатар, Аппатурай Ресей Қорғаныс министрлігі өкілінің, қазіргі Еуропадағы қалыпты қарулы күштер келісімі ескірген, жаңа келісім жасау үшін жан-жақты келіссөздер өткізілуі тиіс деген мәлімдемесі орынсыз деп айтты.

Ресей Еуропадағы қалыпты қарулы күштер келісімінен шығу ниеті туралы ашық айтты. Одан кейінгі жайттарға тоқталсақ, шілденің 18-і күні Брюссельде баспасөз мәслихатын өткізген НАТО өкілі Джеймс Аппатурай Ресейдің ниеті альянсқа жұмбақ болып қалды деді.

“Маған Ресейдің ұстанымы екі тұрғыда да, тоқтата тұру жағдайы немесе келесі қадамы қандай болмақ дегенде толық айқын емес. Сол себептен одақтастар Ресей Федерациясымен олардың нақты нені меңзеп отырғаны туралы тереңірек сөйлескісі келеді”.

Еуропадағы қалыпты қарулы күштер келісімін НАТО мен Варшава келісіміне мүше мемлекеттер 10 жыл талқылап, 1992 жылы күшіне енген болатын. Ол келісім Атлант мұхиты мен Урал аймағы арасында танк, зеңбірек және әуе күштері сияқты кәдімгі ауыр қару-жарақ орналастыруды шектеп, өзара тексеріп тұруды қамтамасыз етеді.

Бұл келісім 1999 жылы Ыстанбулда қайта талқыланып, онда жаңадан әрбір жеке елге қару шектеуін енгізетін бұрынғы совет жерлеріне ықпалын күшейтті. Алайда сол жаңа келісімге қол қол қойған 30 елдің ішінде Белорусия, Қазақстан, Ресей және Украина елдері ғана сол келісімді ратификациялады яғни заңды түрде бекітті. НАТО елдері ол жаңа келісімді бекітпейді. Өйткені олар алдымен Ресей Ыстанбулда жасалған міндеттемелерді жүзеге асырып, Грузия мен Молдоводағы әскері мен жабдықтарын әкеткенде ғана бекітеміз деген.

Ресей болса, НАТО-ға мүше елдерді өзгеріс енгізілген бұл келісімді бекітуге шақырып келген. Осы және басқа да мәселелерде демек АҚШ-тың Орталық Еуропада зымыран қорғанысы бекетін орналастыру жоспары бойынша бір мәмілеге келе алмаған соң, шілденің 14-і күні Ресей бұл Еуропадағы қалыпты қарулы күштер келісімінен шығатынын айтты. Одан кейін шілденің 18-інде НАТО өкілі Джеймс Аппатурай альянс Ресей өзінің келісімге қатысуын әшейін тоқтата тұрған шығар деп, келісімді қайта қалпына келтіру жолдарын қарастыратын төтенше жиын өткізуге шақырды.

Бірақ, сәрсенбі күні Ресей Қорғаныс министрлігіндегі халықаралық келісімдер департаментінің жетекшісі Евгений Бужинский, Мәскеу толығымен жаңа келісім жасалу керек деген ұстанымда екенін айтты.

“Біз қазіргі жағдайға толығымен сай келетін жаңа келісім болғанын қалаймыз. Ондай келісімге қалай қол жеткізуге болады? Егер біз дәстүрлі жолды алатын болсақ, біз Еуропадағы қалыпты қарулы күштер келісімін реттеп, бекітуіміз тиіс. Оның күшіне енгенін күтіп сосын икемделген келісімді бейімдеуіміз керек. Оған балама ретінде, тағы бір жол - сол реттелген келісім бүгінгі күн талабына сай келмейді деген саяси шешім қабылдап, жаңа келісім бойынша кеңесулер мен талқылауларды бастауымыз қажет”, - деді Бужинский.

НАТО өкілі Аппартурай болса, Ресейдің Бужинскийдің ол айтқандарының тиімсіз екенін айтады. Бірақ ол Еуропалық Қауіпсіздікке Ресей қадамдарының әсері жағдайды тым күйзелтіп көрсетпеуі керек деген. Сонымен қатар Аппатурай НАТО-ға мүше елдер үнемі Еуропадағы қалыпты қарулы күштер келісіміндегі жағдайларды ғана жүзеге асырып қоймай, мақұлданбағанын да орындап келеді және солай бола береді деді.

“Сіз НАТО елдерінің ол келісімді әзірге мақұлдап бекітпесе де тіпті әлі күшіне енбесе де Еуропадағы қалыпты қарулы күштер келісімі аясында өз міндеттемелерін орындап жатқанын көресіз”.

Сондай-ақ, Аппатурай, НАТО бұл екінші өзгертілген Еуропадағы қалыпты қарулы күштер келісімі күшіне еніп, оған қосымша жасалатын қадамдар Ресей Грузия мен Молдоводан әскерін шығаруы керек дегенді айтты. Оның сөзіне қарағанда, Ресей осы екі кедергіні алған кезде НАТО елдері тезарада бұл келісімді мақұлдайтын болады деп айтты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG