Пәкістанның солтүстік-батысындағы Кохат қаласында орын алған жанкештілік шабуылдан кемінде 15 адам құрбан болды. Ал оның алдында елдің оңтүстік-батысындағы Хуб қаласында болған екі жанкештілік шабуылдан шамамен 30 адам қаза тапты. Сонымен қатар, Хангу қаласындағы жанкештілік шабуылдан кемінде 5 кісі опат болды. Шілденің 10-ы күні Исламабадтағы мешітте бүлік шығарған радикалдарға әскер күш көрсеткеннен бері елде түрлі қақтығыстар орын алып, 150-ден астам адам қаза тапты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Коммунизм мұрасы
Тасаға тығылған тас мүсіндер. Қазақстандағы совет ескерткіштері
-
"Ескертусіз қасақана оқ ату"
"Бәрінің өмір сүру құқығы бұзылды". Қаңтар оқиғасын зерттеген құқық қорғаушылардың есебі
AzattyqTV