Ирақтағы қақтығыстардан екі АҚШ әскері, 3 британ сарбазы қаза болды. Оның екеуі жол бойына қойылған бомбадан қаза болса, біреуі Бағдадтың шығысындағы көлік жарылысынан мерт болды. Сонымен қатар, Британия Қорғаныс министрлігі Басра қаласындағы минометтен атқыланған оқтан үш сарбазы қаза болғанын айтып отыр.