Accessibility links

Украина жерін улаған сары фосфор Қазақстанға қайта оралатын болды


КИЕВ: Украинаның Львов облысындағы апатта қирамаған және фосфор тиілген цистерналар Ресей жері арқылы Қазақстанға қайта жөнелтіледі. Ол туралы жұма күні Украинаның төтенше жағдайлар бойынша министрі хабарлады. Оның уәде беруінше, фосфор тиілген жүк поезы ірі елді-мекендерді айналып өтіп, жүктің транзитін Ресейдің табиғатты бақылау қызметі қадағалайтын болады. Өткен дүйсенбі күні Қазақстаннан Польшаға беттеп келе жатқан сұйық сары фосфор тиілген поез Украинаның батысында рельстен тайып аударылып, 15 цистернаның 6-ы өртенді. Өте зиянды фосформен 11 мың халық тұратын 14 ауыл уланып, 160-тан астам адам, оның ішінде 34 бала ауруханаға түсті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG