Accessibility links

Лондон мен Мәскеудің жанжалына себепкер болған А.Луговой өзін “айыпсызбын” дейді


МӘСКЕУ: Ал ресейлік кәсіпкер А.Луговой А.Литвиненконың қазасына өзінің тиіп-қашты қатысы жоқтығын тағы да мәлімдеді. Кеше “Эхо Москвы” Радиосына берген сұхбатында ол Скотланд-Ярдтың тергеушілерімен тағы да Мәскеуде кездесуге және егер Ұлыбритания үкіметі Ресей жағына өзінің айыбын дәлелдейтін айғақтарын беретін болса, Ресей сотының алдына баруға әзір екенін мәлімдеді. Британ прокуратурасы А.Луговойды Федералдық қауіпсіздік қызметінің бұрынғы агенті А.Литвиненконы радиоактивті полониймен улап өлтіруге қатысы бар деп айыптайды.
XS
SM
MD
LG