Жұма күні Грузияның алғашқы 1300 әскері Кувейтке кетті. Ол жерде олар Ирақта бтімгершілік мақсатта қызмет ету үшін үш апта жаттығудан өтеді. Ол жасақ одан кейін Ирақтың Иранмен шекаралас Әл Кут қаласына барады. Қорғаныс министрлігінің хабарына қарағанда, грузиялық әскер бұл жерде заңсыз қару тасымалына қарсы күреседі. Қазір Грузияның Ирақта 850 сарбазы бар.