Accessibility links

Италия полициясы халықаралық террористерді оқытпақ болған мектепті әшкерелегенін хабарлады


РИМ: Кеше Италия полициясы мешітте “террористік мектеп” ашты деген күдікпен мароккалық 3 ер кісіні тұтқындады. Полицияның мәлімдеуінше, мешіттің имамы Корши Әл-Мұстафа мен оның 2 үзеңгілесі шәкірттерді халықаралық террористік шараларды іске асыруға оқыту-жаттықтыру және осы жұмысқа адам қабылдау үшін мешітті пайдаланды. Қазір Италия полициясы 4-нші күдіктіні іздестіру үстінде. Аталған мешіт Италияның орталығындағы Перуджи қаласының маңында орналасқан Понте-Фельчинода көрінеді. Полиция мешіттен фильмдер мен түрлі құжат-қағаз, оның ішінде Боинг-747 ұшағын қалай басқаруға болатыны туралы нұсқауды тәркіледі.
XS
SM
MD
LG