Accessibility links

Косово автономиясы бәрібір тәуелсіздік жариялауға ұмтылады


ПРИШТИНА: Кеше Косово автономиясының премьер-министрі Агим Секу Автономияның Сербиядан тәуелсіздік алуының нақты уақытын белгілеуді өтінді. Бұл өтінішін Секу автономия төрағасы Фатмир Сейдиумен бірге АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс ханыммен келіссөз өткізу үшін Вашингтонға ұшары алдында естіртті. Өз кезегінде Ф.Сейдиу: “Батыс елдерінің автономияға тәуелсіздік беру мәселесін БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінен “Байланыс тобына” жүктеуі автономияның тәуелсіздікке деген ұмтылысын тоқтата алмайды”, -деп мәлімдеді. 6 елдің өкілдерінен құрылған “Байланыс тобы” Сербия мен Косово лидерлерінің өзара тікелей келіссөзіне дәнекер болмақшы. Ресей Косовоға тәуелсіздік беруге түбегейлі қарсы Сербияны қолдайды.
XS
SM
MD
LG