Accessibility links

Экс-премьер Б.Бхутто ханым Пәкістанға оралып, саясатпен айналысуда ойлайды


ЛОНДОН: Пәкістанның экс-премьер-министрі Беназир Бхутто қуғында жүрген Лондоннан Пәкістанға қыркүйек айында оралуды ойластырып жатқанын мәлімдеді. “The Sunday Times” газетіне бергенде Бхутто ханым бастапқыда елге желтоқсанда оралуды жоспарлағанын, бірақ енді үзеңгілестері өзінен “мейлінше тез оралуды талап еткенін” хабарлады. Пәкістанның Халық партиясының төрайымы болып табылатын Бхутто Пәкістан президенті П.Мушаррафпен арада парламент сайлауының әділ өтуіне кепілдік беретін келісімге келуді көздейтінін мәлімдеді. Өзінің сұхбатында экс-премьер П.Мушаррафтың нұсқауымен қызметінен босатылған судьяны өткен аптада Пәкістан Жоғарғы сотының шешімімен қызметіне қайта оралтуынан кейін өзін “әлдеқайда қауіпсіз” сезінетінін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG