ТОРОНТО: Футболдан 20-ға дейінгі жастар арасындағы Әлем біріншілігінің финалында Аргентина құрамасының ойыншысы Мауро Зарате кездесудің 86-ншы минутында Чехия құрамасының қақпасына 2-нші допты соғып, өз құрамасына жеңіс алып берді. Канаданың Торонто қаласында болып өткен ақтық кездесудің барысында, алдымен, чехтар ойынның 60-ыншы минутында есеп ашып, арада 2 минут өтпей жатып Аргентина құрамасы есепті теңестірді. Ал М.Заратенің добы аргентиналықтарды жеңіске жеткізді. Аргентина құрамасы – 20-ға дейінгі жастар арасындағы соңғы 7 Әлем кубогінің бесеуін ұтып алды. Аустрияны 1 : 0 есебімен жеңген Чили құрамасы 3-інші орынға ие болды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Баспасөзге шолу
Швейцарияға жеткен қазақ пен өзбектің алтыны Ресейдікі ме?
-
Азаттық зерттеуі
Дубайдағы Қазақстан. 1-бөлім