КАБУЛ: Оңтүстік Кореяның 23 азаматын, оның ішінде кемінде 15 әйелді тұтқынға алған тәліптер өздерінің қойған шартын орындауға тағы 1 тәулік уақыт берді. Олар өздерінің тұтқында отырған үзеңгілестері босатылмаса және Ауғанстаннан Оңтүстік Кореяның әскері шығарылмаса, әлгі кәрістерді өлтіреміз деген шарт қойды. Жергілікті ақсақалдар тәліптермен келіссөз жүргізу үстінде. Ауған армиясы мен НАТО әскері әлгі тұтқындар отырған ауданды қоршауға алып, босату операциясын бастауға әзір тұр. Кабулда Оңтүстік Кореяның делегациясы ауған президенті Х.Қарзаймен осы проблеманы талқылады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?