Accessibility links

Түркиядағы “билік партиясы” парламенттегі 550 мандаттың 339-ына ие болды


АНКАРА: Түркияда билік басындағы Әділдік және даму партиясы кеше болып өткен парламент сайлауындағы жеңісін тойлау үстінде. Анкарада өздерін қолдаған халықтың алдында сөйлеген сөзінде түрік премьер-министрі Реджеп Эрдоган ұлт бірлігін нығайтып, экономикалық және демократиялық реформаларын әрі қарай жалғастыруға сөз берді. Сондай-ақ ол әлдеқайда либералды конституция қабылдауға және жаппай жұмыссыздықты азайтуға күш жұмсайтынын мәлімдеді. Берілген дауыстар есептелген соң Әділет және даму партиясының 46 пайыздан артық дауыс жинап, 550 депутаттан тұратын түрік парламентінде 339 дауысқа ие болғаны анықтады.
XS
SM
MD
LG