Ауғанстанның бұрынғы патшасы Мохаммад Захир Шах қайтыс болды. 92-жасқа келген Захир Шах бүгін Кабулда дүниеден өтті. Ол 1933-ші жылы өзінің әкесіне жасалған қастандықтан кейін таққа отырған. Кейін 1973 жылы Захир Шах өзінің туысы тарапынан биліктен құлатылып, Италияда қуғында болды. Ал 2002 жылы ол Ауғанстанға оралды. Ауғанстан президенті Хамид Қарзай аза тұту күндерін жариялады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Сарапшымен сұхбат
Газадағы соғыс Орталық Азияның қауіпсіздігіне қалай әсер етеді?
-
Билік пен халық
"Жалпыұлттық диалог" па, "автократтың сценариі" ме?