Тәжікстан билігі тиым салынған Өзбекстан ислам қозғылысының мүшесі деп күдіктелген 7 адамды қамауға алғандарын хабарлады. Олар соңғы 6 айдың ішінде Тәжікстанның солтүстігінде тұтқындалған. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Шариф Назаровтың мәлімдеуінше, әлгі күдіктілер Душанбедегі базарлар мен дискотекаларда лаңкесттік шабуылдар жасамақшы болдық деп мойындаған. Іздеу барысында олардан жарылғыш заттар тәркіленді, дейді Назаров. Ал өткен жылы Тәжікстанда Өзбекстан ислам қозғалысының 23 мүшесі қамауға алынды деп хабарланған болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Денсаулық сақтау
Дәрігерлердің қатесі үшін жазаны жеңілдеткен дұрыс па?
AzattyqTV