Accessibility links

Күнделікті жарты литр сүттің адам үшін пайдасы


Адам – сауылған сүтті ішетін сүт қоректілердің ішінен жападан-жалғызы. Адамзат баласы өзінің қайталанбас көп әдетінің ішінен дәл осы әдетін сақтағаны дұрыс. Уэльс ғалымдарының тың зерттеуі бойынша, күніне жарты литр сүт ішкен ер адам өзін диабет дертінен, жүрек ауруынан және т.б. сырқаттан қорғай алады.

Кардифф университетінің ғалымдары 20 жылдан ұзақ уақыт бойы 2 мыңнан астам ер адамның қандай азық-түлікті ішіп-жегенін, оның ішінде сүт өнімдерін қорек еткенін бақылады. Ғалымдардың көз жеткізгені: күніне жарты литр немесе одан да көп сүт ішкен ер адам метаболикалық дертке 62 пайызға кем шалдығады. Метаболикалық дерт түрлеріне диабет, қан қысымының артуы, қандағы холестерин деңгейінің аз болуы және диабет пен жүрек ауруына жиі соқтыратын семіздік жатады.

Йогурт, ірімшік сынды өзге азық-түлікке қарағанда сүттің аз да болса артықшылығы бар көрінеді. Сүттің өзін емес, өзге сүт өнімдерін көп пайдаланатын ер кісілер әлгіндей дерт түрлеріне 56 пайызға кем душар болады. Осы зерттеуге қарай отырып, сүт коктейльдерін көп ішуге түрткі болуы мүмкін.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша, күніне қосымша сүт өнімдерін ішіп-жеген адам метаболикалық дертке 21 пайызға кем ұрынады. “Денсаулық эпидемиологиясы мен қауымдастығы журналында” (“Journal of Epidemiology and Community Health”) жарық көрген ізденіс Ұлыбритания үкіметін сүт өнімдерін көбірек пайдалануға ынталандыру шарасын қабылдауға шақырады. Ізденісте атап көрсетілгендей, өткен 25 жылдың ішінде Ұлыбритания халқының сүтті пайдалануы айтарлықтай төмендеген.

Өткен ширек ғасырда сүттің қадірі түсті. Сүт өндірушілер сүттің әсіресе балаларға пайдалы екенін үнемі насихаттап келді. Сүттің құрамында “D” витаминімен бірге сүйекті қатайтын кальций көп. Бірақ сүттің құрамына май да көп қосылады. Майы көп сүт жүрек ауруына соқтырады. Ал соңғы ізденіс сүттің пайдасын асыра бағалаған бірінші зерттеу емес.

2005-інші жылы Иранда жарық көрген зерттеу майлы сүтті көп ішу мен метаболикалық дертке шалдығудың өзара байланысын тапса, 2000-ыншы жылы Францияда өткізілген сынақ та дәл сондай тұжырымға келді. Алайда, францұздардың зерттеуі әйелдерге қарағанда ерлер үшін сүттің әлдеқайда пайдалы екенін тапты.

AzattyqTV

Ресейдің "тыңшысы"

Kaspersky Lab. дауы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG