Accessibility links

Екі жылға түрмеге жабылған әзірбайжан журналисі аштық жариялап, өз аузын тігіп қойды


БАКУ: Түрмеге жабылған Әзірбайжан журналисі Фарамаз Аллахвердиев ашығуын жалғастырды және, бір хабарға қарағанда, өзінің түрмеге жабылуына наразылық ретінде екі ернін қосып тігіп тастаған. Репортерлердің еркіндігі мен қауіпсіздігі Институтының директоры Эмин Хусеинов Аллахвердиевтің аштықты өткен аптада бастап, өзге тұтқындар өзіне оның өз аузын тігіп қойғанын хабарлағанын мәлімдеді. Әзірбайжанның Әділет министрлігінің өкілі Рафик Рамазанов Аллахвердиевтің аштық жариялағанын растады, бірақ өз ауызын тігіп қойғанын білмейтінін мәлімдеді. Ф.Аллахвердиев іс-әрекеті үшін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы сынға алған ішкі істер министріне “жала жапты” деген айыппен қаңтар айында 2 жылға түрмеге жабылған-ды.
XS
SM
MD
LG