Accessibility links

Косово автономиясы өз бетінше тәуелсіздік жарияламайды


ВАШИНГТОН: Дүйсенбі күні Косово автономиясының төрағасы Фатмир Сейдиу автономия өзінің тәуелсіздігін өз бетінше жарияламайды, бірақ оның болашағы жайын АҚШ және Еуропа Одағымен кеңесіп шешеді деп мәлімдеді. Вашингтонда АҚШ мемлекеттік хатшысы К.Райспен өткізген келіссөзінен кейін Сейдиу өзінің тәуелсіздігі бойынша БҰҰ-ындағы келіссөздің доғарылуын Косовоның наразылықпен қабылдағанын, бірақ өз бетінше тәуелсіздік жариялауға бармайтынын атап көрсетті. Сонымен бірге Косово лидерінің пікірінше, “халықаралық қоғаммен, АҚШ-пен және Еуропа Одағымен тығыз ынтымақтаса отырып бұл процестің жалғасын тапқаны және алға басқаны маңызды”.
XS
SM
MD
LG