Талибан өкілінің айтуынша, бір аптадай тұтқында отырған германиялық тұтқынның денсаулығы нашарлап, есінен танып жатыр. Ауғаныстанда Германияның көмек көрсету қызметкері болып жүргенде ұсталған екі немістің біреуін талибандар өлтіргенін айтқан. Талибан 10 жауынгерін түрмеден босатып, Германия әскерінің Ауғаныстаннан шығарылуын талап еткен. Бүгін Германия канцлері Ангела Меркель Берлинде БҰҰ-дағы Ауғаныстандағы арнайы өкілімен кездепекші. Онда Ауғаныстандағы германиялық тұтқындарды құтқару мәселесі сөз болады.