МӘСКЕУ: “Литвиненконың ісіне” қатысты Мәскеу мен Лондонның өзара жаңа теке-тіресіне байланысты Ресей президенті В.Путин Ұлыбританияны “ескіше ойлайды” деп айыптады. Александр Литвиненконың өліміне қатысы бар деп танылған Андрей Луговойды Ресей конституциясын желеу еткен Мәскеу Лондонға ұстап беруден бас тартты. Сейсенбі күні Мәскеудің түбінде жастар қозғалысының жетекшілерімен кездесуі барысында В.Путин - “Ресей өз конституциясын өзгертіп, А.Луговойды бізге ұстап берсін!” деген британ өкілдерінің сөзін “масқаралау” деп бағалап, оның орнына Лондон “өзінің ойлау қабылетін өзгертсін!” деп мәлімдеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Сайлаудан соң
Жаңа мәжіліс, ескі спикер, Тоқаевтың кезекті уәдесі
-
Сардана Авксентьева
Ресейде Путин дәуірінің "соңғы тәуелсіз мэрі" неге отставкаға кетті?
AzattyqTV