ВАШИНГТОН: Ирақтың АҚШ-тағы елшісі Замир Ас-Сумайди Америка үкіметінің нашар қаруланған Ирақ армиясын қару-жарақпен қамтамасыз еткісі келмегені үшін өткір сынға алды. Оның атап көрсетуінше, жаңа қару-жараққа өз қалтасынан қаражат бөлуге әзір болуына қарамастан Ирақ үкіметі Вашингтонның қашан қару-жарақ беретінін “күте-күте сарғайып”, Қытай сияқты өзге қару сатушыларға бұрылуға мәжбүр болды. Елшінің пікірінше, жақсы қаруланған АҚШ әскерінің қатар жүргені Ирақтың қауіпсіздік күштерінің “рухына демеу бола қоймады”.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Советті сынау, түрме, Азаттық. Махмет Құлмағамбеттің соңғы сұхбаты
-
Тұңғыш президент күні
Назарбаевта не қалды? Экс-президенттің билігі мен байлығы