Accessibility links

Косово бойынша “Байланыс тобы” Белград пен Приштина арасында шапқылап жүреді


ВЕНА: Косово бойынша “Байланыс тобының” өкілдері Сербия мен Косово албандарының арасындағы келіссөзді қалай қайта бастауға болатынын талқылау үшін бас қосты. БҰҰ-ның Косовоға халықаралық қоғамның қадағалауымен тәуелсіздік беру туралы Қарарына Ресей вето қоятынын ескерткен соң, Косовоның келешегі бойынша келіссөз жүргізу мәселесі “Байланыс тобына” берілді. Ол топқа Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия және Германия өкілдері кіреді. Дипломаттардың хабарлауынша, сәрсенбі күні Венада талданған бір бастама бойынша бастапқыда “Байланыс тобы” кезек-кезегімен Белград пен Приштинаға барады.
XS
SM
MD
LG