БАҒДАД: Бүгін Ирақ лидерлері елді саяси дағдарыстан шығарудың жолдарын талқылайды. Бұл кездесуге Ирақ президенті, күрд Жалал Талабани, тегі шийт премьер-министр Н.Әл-Мәлики, сүннит вице-президент Тарик Әл-Хашими қатысып, түрлі проблеманы, оның ішінде конституцияны өзгерту мүмкіндігін қарастырады. Ирақ үкіметінің сүннит министрлері үкімет отырыстарына қатысуды қойса, шийттердің бітіспес рухани лидері Мұқтада Ас-Садрды қолдайтын министрлер тіпті үкімет құрамынан шығып кетті. Кеше Бағдадтың орталығында болған қастандықтан 25 адам қаза тапты, 115 кісі жараланды. АҚШ армиясы 6 жауынгерінің мерт болғанын хабарлады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Қазақстан тәуелсіздігін жарияласын деп талап қойғандар неге қудалауға түсті?