ЖЕНЕВА: Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі бойынша Ресей делегациясының жетекшісі Максим Медведьковтың айтуына қарағанда, Мәскеу Дүниежүзілік сауда ұйымына қабылдану жолындағы барлық келіссөзді осы жылдың соңына дейін толық аяқтауға үміттенеді. М.Медведьков бұл сөзін кеше Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдердің өкілдерімен Женева қаласында 4 күн бойы жалғасқан келіссөзінен кейін айтты. Ресей – Дүниежүзілік сауда ұйымына әлі мүше емес әлемдегі ең ірі мемлекет.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Алаштың" алғашқы қадамы. Қамаудан шыққандар қайта қамалды