Accessibility links

Грузия басшылығы БҰҰ-ның Бас хатшысына өз өкпесін білдірді


ТБИЛИСИ: Ресми Тбилиси БҰҰ-ның Бас хатшысы Бан Ки-Мунның Грузиядан бөлініп шыққан Абхазиядағы ахуал туралы баяндамасына наразылық білдірді. Дүйсенбі күні жария етілген баяндамасында Бас хатшы Грузия мен Абхазияны соғыс қимылдарының қайта шығуына жол бермейтін шара қабылдауға шақырды. Сонымен қатар Бан Ки-Мун Грузиядан жанжал шыққан аумаққа жақын орналасқан жастар лагерін көшіріп алуды өтінген. Грузияның жанжалды шешу министрі Давид Бакрадзе ол баяндаманы Абхазияның түпкілікті мәртебесі бойынша келіссөздің болмай жатқанын және босқындарды қайтару мәселесінің шешілмей жатқанын ескермейді деп сынады.
XS
SM
MD
LG