Ресей Грузияның Кодори шатқалына жасалған шабуылға қатысты БҰҰ-на ақпарат бермей отыр дегеннен бас тартты. Грузияның айтуынша, наурыздың 11-дегі Грузияның Абхазия аймағындағы шатқалға жасалған шабуылға Ресейдің тікұшақтары қатысты. БҰҰ-дағы Грузия елшісі Ираклий Аласания кеше сол шабуылды “Грузияға қарсы соғыс әрекеті” деп атады. Және Ресейді сол шабуылдың артында кім тұрғанын анықтап бермеді деп айыптады. БҰҰ-дағы Ресей өкілі Мария Захарова болса, Ресей ұйымның тергеуіне толық қатынасты деп отыр.
Ресей БҰҰ-ның Абхазия жөніндегі тергеуіне қажетті ақпаратты бермей отыр дегенді жоққа шығарды
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Назарбаев сенбеген тұңғыш Конституция жобасының дауы
-
"Сатира қылмыс емес"
Қамауға алынған танымал паблик авторын қолдағандарды қудалау жалғасып жатыр