Өткен түнде НАТО мен Ауған күштері Хельманд провинциясындағы Талибан жасақтарымен қақтығысты. Ол жерде тәліптермен қатар бейбіт тұрғындардың да қаза болғаны туралы айтылып жатыр. Хельманд провинциясының заңгері Уәли жан Сабридің сөзіне қарағанда, Герешк ауданында болған әуе шабуылдарынан кемінде 60 бейбіт тұрғын құрбан болды. Ал, аудан басшысыАбдул Манаф Ханның айтуынша, талибан жауынгері деп күдіктелген 50 адам өлтіріліп, олармен қатар бейбіт халықтан 28 кісі қаза тапқан. Британия күштері бейбіт тұрғындар өлтірілді дегенді жоққа шығарып отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаңдағы қуғын-сүргін
"Туындыларым қар көшкендей әсер етсе деймін". Қазақстандық фотограф Ядыкар Ибраимовтың күресі