Accessibility links

Қабулға Оңтүстік кореялық елші тұтқындар бойынша келіссөз өткізуге келді


Бүгін Оңтүстік Корея билігінің уәкілі Ауған президенті Хамид Қарзаймен төтенше кездесу өткізу үшін келіп жатыр. Олар шілденің 19-нан бері талибандар тұтқынында отырған 22 оңтүстік кореялықты қауіпсіз жағдайда қалай босатып алу жолын сөйлеспекші. Баек Йонг Чун Ауғаныстанға тәліптердің үкіметке талап қойып, шетелдік тұтқындарға айырбас ретінде түрмедегі сотталғандарын босатуға берген екінші уақыты аяқталған кезде келіп отыр. Талибан жауынгерлері оның алдында оңтүстік кореялық христиандық көмек көрсету тобына жетекшілік жасап жүрген 42 жасар бір әйел тұтқынды өлтірді.
XS
SM
MD
LG