Пәкістандық ақпарат бұлақтары хабарлап жатқандай, президент Первез Мушарраф пен шетелде тұрып жатқан бұрынғы үкімет басшысы Беназир Бхутто билікті бөлісу мүмкіндігін қарастыратын келіссөздер жүргізді. Олар жұма күні Абу Дабиде бір сағаттай кездескен. Екі жақтың да өкілдері қандай шешімдер жасалғаны туралы ақпарат бермеді және Мушаррафтың келесі мерзімге Бхуттоны өзіне одақтас етіп алмақшы дегенді растамады. Бхутто 1980 және 1990 жылдары премьер министр болған, екінші үкіметі құлаған соң Британияға кеткен.
Президент Мушараф пен экс премьер министр Беназир Бхутто билікті бөлісу келісімін жасап жатыр
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Классикалық үлгідегі саяси партия қалыптаспады". Дос Көшімнің қос сұхбаты