Accessibility links

Иран американдық ирандарды тергеу ісі жалғасып жатқанын айтты


Бүгін сонымен қатар, Иран соты осыған дейін ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтірді деген күдікпен қамауға алынған тегі ирандық американдықтардың ісі әлі тергеліп жатқанын айтты. Халех Есфандияри, Киан Таибахш және Али Шакери мамыр айынан бері абақтыда отыр. Ал, төртінші американдық иран Фарда радиосының тілшісі Парназ Азимаға да елдің қауіпсіздігіне қауіп төндірді деген айып тағылды. Ол қамауға алынған жоқ бірақ, оның төлқұжатын тәркілеп, оның Ираннан шығуына жол бермей отыр.
XS
SM
MD
LG